Риддер қаласында жұмыс уақыты өзгерді
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жұмыс уақыты енді сағат 08.00-де басталады, деп хабарлайды Orda.kz.
Риддер қаласында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді. Риддерліктердің пікірінше, жаңа жұмыс кестесі олар үшін ыңғайлы екен.
Қалалық әкімдік бұл өзгерістің басты мақсаты – еңбек процесін оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыру екенін атап өтті.
«Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті, біз де бұл бастаманы қуана қолдадық. Жұмыс уақытының өзгеруі – күн тәртібін ыңғайлы әрі өнімді етуге жасалған қадам. Енді тұрғындардың энергиясы үнемделіп, таңғы уақыт тиімді пайдаланылады. Сондай-ақ, күндізгі жарықта көбірек іс тындыруға мүмкіндік бар», – деді Риддер әкімінің орынбасары Болат Ақужанов.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Ақужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен мұқият талқыланғанын атап өтті.
«Біз жергілікті халықпен бірқатар кездесу өткізіп, бұл мәселені жіті талқыладық. Қала тұрғындары бастаманы қолдады», - дейді ол.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды