Режеп Тайып Ердоғанның жүрек ауруы бар – БАҚ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның денсаулығы жайлы соңғы уақытта жиі дау-дамай мен әңгімелер көбеюде. Оның израильдік кардиологтан медициналық кеңес алуы да сөз болуда.
Бұл туралы 20 қаңтар күні израильдік «Едиот Ахронот» («Соңғы жаңалықтар») газетінің ағылшын тіліндегі интернет-басылымы Ynetnews хабарлады.
Басылым мәліметінше, Тель-Авивтегі Сураски («Ихилов» ауруханасы) атындағы медициналық орталықтың бас директорының орынбасары профессор Ицхак Шапира түрік көшбасшысына дәрігерлік кеңес берген.
«Ол — жоғары білікті кардиолог. Бұл түрік көшбасшысының жүрек ауруы бар екенін көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл болжамды растайтын ресми ақпарат жоқ» делінген басылым мақаласында.
Ynetnews Шапираны Израильдің екінші ірі клиникасында медициналық туризм жетекшісі деп атады. Ол «медициналық мәселелер мен емдеу бойынша әлемдік көшбасшыларға кеңес береді».
«Ердоған мен Шапира арасындағы өте жақын қарым-қатынас бар» басылым дереккөздерінің айтуынша, егер олар Түркияда израильдік кардиологпен кездессе, оған таң қалатын ештеңе жоқ.
Сураски атындағы медициналық орталық пен дәрігер Шапира бұл жағдай бойынша түсініктеме беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық