«Республиканы қолдау қозғалысы» конституцияны өзгертуге ұсыныс жасады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда «Республиканы қолдау қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құру жоспарланып отыр.
Заңдылық институты Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Азамат Төлеуов пен заңгер-кәсіпкер Нұрлан Есқалиев «Республиканы қолдау қозғалысын» құру туралы шешім қабылдаған.
«Құқықтар мен бостандықтар бірінші орында, олар жаңа Қазақстанды құрудың негізі. Қаңтар оқиғасына әкеліп соқтырған, салдарынан ел тәуелсіздігінен айрылып қала жаздаған «елбасы» саяси жүйесінің идеологиясына баға беруіміз керек. Біз Конституцияны өзгерту не жаңа Конституция қабылдау туралы референдум өткізуге бастамашы боламыз. Бұл мәселені билік көзі ретінде халық өзі шешуі керек. Егер бұл мәселені президент Тоқаев көтерсе, біз қолдаймыз» деді Азамат Төлеуов.
Төлеуов қазіргі конституцияны өзгерту керек деп есептейді. Оның негізі заң үстемдігі болуы керек. Адам құқықтары мен бостандықтары бірінші орында тұруы керек.
Өзгерістер қазіргі заңның жаңа тұжырымдамасы негізінде мемлекеттің саяси және экономикалық құрылымына әсер етуі қажет.
«Мемлекеттік мүлік қайтадан сайланған адамдардың, олардың сенімді адамдарының, шенеуніктердің және олигархтардың қорегіне айналмауы керек. Сайлаудың әділ өтуі үшін сайлау заңнамасын түбегейлі қайта қарау қажет. Бір палаталы парламенттің барлық деңгейдегі әкімдері мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуді ұсынып отырмыз. Мерзімдері 2022 жылдың соңына дейін» деді Азамат Төлеуов.
Тәуелсіз сот үшін мыналар қажет:
- сот төрелігіне қол жеткізудегі жасанды кедергілерді жою;
- азаматтарға конституциялық іс жүргізуге қатысушылар құқығын беру;
- бірқатар объектілер бойынша мемлекеттік мүлікті жоғалтудың заңдылығын қарастыру;
- 2022 жылдың қаңтарында бұзылған құқықтарды қорғаудың конституциялық мерзімдері қалпына келтірілуге тиіс.
Азамат Төлеуов «Республиканы қолдау қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің сайлауға қатысуды жоспарлап отырғанын қосты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық