Ресейліктер жаппай Қазақстанға келе бастады
Фото: Pixabay
Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Ресейден басқа елдерге алдағы бірнеше күнге барлық дерлік билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті.
21 қыркүйек күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтан көрші және жақын елдерге немесе бірқатар қалаларға осы аптаға әуе билеттері азайып барады. Билеттердің құны да айтарлықтай қымбаттады – бірнеше жүз мың теңгеге дейін, ал кей жағдайда бағасы қазақстандық валютамен есептегенде миллиондарға жетеді.
Мысал ретінде Мәскеуден келесі бағыттарды келтіреміз:
- Мәскеу-Алматы: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-сіне 2 билет қалды, құны 540 мың теңгеден басталады.
- Мәскеу-Астана: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-де әр түрлі авиакомпаниялардан түрлі рейстерде тағы 6 билет бар. Құны 544 мың теңгеден 6 миллион теңгеге дейін.
- Мәскеу-Бішкек: 21-22 қыркүйекке билет жоқ. 23 қыркүйектен бастап билеттер құны 214 мың теңгеден басталады.
- Мәскеу-Ташкент: бүгін 445 мың теңгеге 1 билет қалды. 22 қыркүйекке билет жоқ.
- Мәскеу-Тбилиси: 21-22 қыркүйекке билеттер жоқ. 23-і күні бірнеше билет қалды, құны 510 мың теңгеден басталады.
- Мәскеу-Ыстамбұл: 21 қыркүйекке 576 мың теңгеге 1 билет, 22 қыркүйекке 738 мың теңгеге 1 билет бар.
Көбісі әуе билеттері туралы дүрбелеңді жұмылдырумен байланыстырады. Астана уақытымен сағат 12:00-де Ресей президенті Владимир Путин видеоүндеу жасап, онда елінде жартылай жұмылдыруды бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Путиннің айтуынша, жұмылдыру бүгін, яғни 21 қыркүйекте басталады. Қазіргі уақытта запастағы азаматтар шақырылуға жатады.
Мобилизация – қарулы күштерді бейбіт жағдайдан толық жауынгерлік әзірлікке көшіру.
Еске салсақ, 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Донбаста «арнайы әскери операция» басталғанын хабарлады. Ол оның мақсаты Донбас тұрғындарын «геноцидтен қорғау» және «украиндық неонацистердің қауіп-қатерінен өзін-өзі қорғау» екенін айтты.
Бүкіл дүниежүзілік қауымдастық Украинада болып жатқан оқиғаларды арнайы әскери операция ретінде емес, Ресейдің егемен елдің аумағына басып кіруінің нәтижесіндегі соғыс деп бағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық