Ресейліктер дауыс беру үшін бір шақырымға созылған кезекке тұрды
Фото: Orda.kz
Алматы мен Астанада мыңдаған ресейліктер дауыс беру үшін бір шақырымға созылған кезекке тұрды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін президент сайлауына дауыс беру өтіп жатқан Алматыдағы Ресей консулдығына Orda.kz тілшісі де барды. Шамамен болжам бойынша, түскі уақытта ғимарат маңына 3 мыңға жуық адам жиналды. Адамдар арты артынан ағылып келуді жалғастыруда.

Консулдықта орналасқан учаскелерге арналған екі кезек желісі Манас көшесінен басталып, 1,5 шақырымнан астамға созылып жатыр. Халық бір жарым-екі сағат күтіп тұрып, дауыс беріп шығып жатыр.
Тілшіміз хабарлағандай, полицейлер дауыс беруге ниет білдіргендердің құжаттарын тексеріп жатыр.

Кезек минутына шамамен бір метр жылдамдықпен қозғалады.
Қазақстанды паналаған ресейліктер Астанада да президент сайлауында дауыс бере алады. Онда Кенесары 39 мекенжайы бойынша «орыс үйінде» дауыс беру қызметі ұйымдастырылған.
13:00-де ғимараттың жанында мыңнан астам адам болған. Ұзын кезек Әуезов көшесінен басталып, Кенесары көшесіне дейін созылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік оппозиционерлер өз жақтастарын «Полдень против Путина» акциясына қатысуға шақырған болатын. Қатысқысы келгендердің барлығы сағат 12.00-де сайлау учаскелерінде келуі керек болған.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады