Ресейліктер ағынына байланысты Түркияда жалға беру бағасы көтерілді
Туркияда жылжымайтын мүліктерін жалға алу ақпан айының соңындағы Ресей-Украина қақтығысына байланысты үш есе өсіп кеткен.
Tolerancе агенттігінің директоры Сергей Волченковтың айтуынша, соңғы уақытта ресейліктердің Анталия мен Аланияда жалға берілетін тұрғын үйге сұраныстары төрт есеге жуық өскен. Бұл бұрынғы айына 200-600 доллар деңгейіндегі бағаның 2,5 -3 есеге дейін көтерілуіне әкеліп соқтырған.
Сонымен қатар, Ыстамбұл, Измир, Бодрум және Фетхие қалаларында да тұрғын үйді жалға алу құны өсті. Just Real Prime Broker-тің басқарушы серіктесі Екатерина Шиманскаяның айтуынша, қазір пәтерлерді жаңа бағамен жалға алу өте қиын. Өйткені сұранысты қанағаттандыратындай пәтерлер жоқ, таусылған. Сондай-ақ, жергілікті пәтер иелері Түркия заңы тыйым салғанынан қарамастан жалдау құнын алты ай бұрын және доллармен төлеуді талап ететін болған.
Ресейліктер Түркияға ғана емес, Армения мен Грузияға жаппай ағылуда, ол жақта да жалға берілетін пәтерлерге сұраныс бір жарым есеге өсті.
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында әзірге айқын өзгерістер байқалмайды. «Arbat Real Estate» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Марина Грушинаның айтуынша, Қазақстанда ресейліктердің тұрғын үйді эконом-класстан бизнес-классқа жалға алуға деген қызығушылығы артқанымен, бұл әсіре сұраныс тудырмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық