Ресейлік «пикап шебері» қазақ қыздарын өзіне қарату тақырыбында тренинг жариялады
Қыздарды қарату туралы кітаптар сериясының авторы Алекс Лесли Алматыда «Жалындаған қазақ қызын кім табады?» тақырыбында көшпелі семинар өткізеді.
Алекс Лесли деген атпен танымал ресейлік Александр Кириллов әлеуметтік желіде қазақстандық қыздарды қаратуды үйрететіні туралы хабарландыру жариялады. Оның айтуынша, ол өзінің «қазақ қыздары» тақырыбын жариялауға шешім қабылдады.
«Алматыда екі істің басын қосатын, яғни демалу мен еліктіруді көшелердегі көптеген әдемі қыздармен үйлестірудің ең жақсы нұсқасын ұсынамын! Бүкіл пикапшылар тобы Алматыға барады!» делінген Леслидің парақшасында.
Әлеуметтік желілердегі мұндай шақыруға қазақстандықтар жайбарақат қарай алмады. Келесі пікірлерді Алекс Леслидің Instagram парақшасынан табуға болады:
«Қазақ қыздары туралы тағы да оындай сөз айтсаң, келесіде сөйлей алмай қаласың»
«Біз сені Қазақстанда күтеміз, сөздерін үшін жауап бересің!!!»
«Жалпы, Қазақстанды ұмытыңыз».
Алекс Лесли бірнеше рет мұндай жанжалды басынан өткерген. 2019 жылы ол беларусь қызы Настя Рыбкамен бірге Таиландтағы сотқа дейінгі түрмеде тоғыз айын өткізді. Олар сол кезде заңсыз семинар өткізді деп айыпталып, 18 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Нәтижесінде олар тек тоғыз ай жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық