Ресейлік кәсіпкер Қазақстаннан ұшақ сатып алды ма?
Сурет: vistajet.com
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі санкцияларды айналып өтіп, Ресейлік кәсіпкердің қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Әуе кемесінің бұл түрі бұрын-соңды Қазақстанның азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген емес. «Irtysh Air» әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшу орындамаған. Әуе компаниясы бұрын-соңды мұндай ұшақ түрін пайдаланбаған» деп мәлімдеді Азаматттық авиация комитеті.
Бұған дейін «Вёрстка» басылымы санкцияға ұшыраған ресейлік миллиардер Олег Дерипасканың Falcon 7X бизнес-джет сатып алғанын жазған болатын.
«Ресейде тіркелгеннен кейін бизнес-джет RA-09618 борт нөмірін алды. Оның кейбір ұшулары Олег Дерипаска ұшқан жерлермен сәйкес келеді» деп жазады басылым.
Басылымның жазуынша бұл кеме қазақстандық «Irtysh Air» компаниясынан кәсіпкерке қатысы бар компания арқылы 36 миллион долларға сатып алынған. Ресейге 2023 жылдың ақпан айында жеткізілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық