Ресейлік депутат Қазақстанда аңшылықта жүр
Ресейдің тау аңшылары клубының ресми сайтында РФ мемлекеттік думасының депутаты Владислав Резниктің Алматы облысында аңшылық кезінде атып алған жануармен бірге түскен суреті жарияланған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Депутат клуб сайтында Жоңғар Алатауына барып, аңшылықтың екінші күнінде 7-8 жастағы екі таутеке атып алғанымен бөлісті. Сондай-ақ осы аңшылықты ұйымдастырған Asien Tour, Сталкер Групп сияқты компаниялар мен Евгений Харитонов есімді азаматқа алғыс білдірді.
Журналистер ресейлік депутат атып алған аңның Қазақстанның Қызыл кітабына енген-енбегенін білу мақсатында Алматы облысы бойынша аумақтық инспекция басшысы Нұрқуат Қонысбаевқа хабарласты.
Azattyq Rýhy хабары бойынша, Ресей депутаты Владислав Резниктің Алматы облысы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде атып алған таутекесі атуға болатын аңдар қатарында екен.
- Суретке мән беріп қарасақ, жұрт ойлағандай арқар емес, таутеке атып алған. Ал таутеке Қызыл кітапқа енбеген. Оны аңшылық мақсатта аулауға болады. Бұл Жоңғар Алатауының өзінде емес, одан үш шақырым жерде Үшқарағай деген аңшылық шаруашылығында болған. Оған арнайы ақысын төлеп кірген. Сол үшін аң атуға рұқсат етіледі. Осы арқылы бюджетке табыс түседі, – дейді Нұрқуат Қонысбаев.
Сөз соңында ол шетелдік азаматтар үшін аңшылық шаруашылығына кіру ақысы әдеттегіден қымбат болатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық