Ресейлік депутат Қазақстанның орыс тіліндегі жарнамадан бас тартқан шешіміне баға берді
Ресей Федерациясының мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары және Донецк Халық Республикасының министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Александр Бородай Қазақстан билігінің тіл саясатын орыс тіліндегі маңдайшалардан бас тартқан шешіміне баға берді.
— Мен қазіргі Қазақстанның 2000 жылдардағы Украинамен ұқсастығын көріп отырмын. Біз бұрынғы республикаларымыздың бір бөлігіне табиғи одақтастарымыз ретінде қарауды жалғастырамыз, бірақ уақыт өте келе олай болмайды, — деді Бородай.
Депутат сондай-ақ осы республикалардағы орыс тілді және орыс мәдениеті мен менталитетін ұстанушылар санының азаюын еске салды.
— Олардың саны азайып келеді. Бұл орыс мәдениетін саналы түрде жою және оның тасымалдаушыларын қысу арқылы да орын алады. Бұл ең жақсы жағдайда осылай болады. Орта Азия республикаларынан орыс мәдениетінің көптеген тасымалдаушылары кетті.
Олардың ұлты кім екендігі маңызды емес — әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, украиндар немесе ұлы орыстар. Бірақ олар орыс мәдениетінің тасымалдаушылары болды. Оларды көп жағдайда елден ығыстырып жіберді. Өкінішке орай, Орта Азияда қалғандар елдің әлеуметтік өміріне әсері аз, — деді депутат «Газетой.Ru» басылымына берген сұхбатында.
Бородай мұндай жағдайда Орталық Азия елдерінің Ресеймен одағы өзара тиімділіктің арқасында ғана сақталатынын айтты. Сонымен қатар, ол бір күні осы республикалардың басшылары сыртқы саяси бағытын өзгертіп жіберетіне сенімді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мәжілісінің депутаттары көрнекі ақпарат мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер жобасына ел сенатының өзгерістерімен және толықтыруларымен келіскен болатын. Жаңа ережелерге сәйкес жарнама мен маңдайшаларда енді тек қана қазақ тілін, ал қалғандары, соның ішінде орыс тілі — «қажет болған жағдайда» ғана пайдалану керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық