Ресейлік блогер қазақтарды «лас ұлт» деп қорлады
Коллаж: Orda.kz
Әлеуметтік желіде 2,1 миллион оқырманы бар ресейлік блогер Эльмира Ілясова қазақстандықтарды қорлайтын пікірлер жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Threads желісінде бірнеше күн бойы блогердің (elle_happy_mom) жазбаларына қатысты дау басылған жоқ. Бұл Ілясованың оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу қалыпты жағдайға айналды» деген жауабынан басталған. Блогердің пікірінше, мұсылман елі саналатын Қазақстанда мұндай жағдай қалыпты деп саналады.
Блогер бұл пікірімен тоқтап қалмай, қазақстандықтардың ашуын тудырған тағы бір жазба жариялады.
«Өмір бақи кірдің ішінде өмір сүріп, лас дүниеге әуес халық» деген жазбасы әлеуметтік желіде қатты резонанс тудырды.
Threads қолданушылары блогерден жазылудан бас тартып, Instagram әкімшілігіне ұлтараздық мазмұндағы жазба үшін шағым жасауға шақырды.
Қазақстандық блогер Алена Панамарева Ілясовадан жаппай жазылымнан бас тарту керек деп санайды.
«Менің ойымша, бәрі жазылымнан шығуы керек. Әрине, ең алдымен ол біздің елді қорлады. Бірақ “өздеріңді крестпен бірге жерлеңдер” деген сияқты дөрекі түрде айту да дұрыс емес. Кейбіреулер жазып жатыр: “Неге сендер оның деңгейіне түсіп, оны талқылайсыңдар?” деп. Тынышталыңдаршы, намыс қайда? Адамның өзінде намыс болуы керек! Бізбен олай сөйлесуге болмайтынын түсінуі тиіс. Тілге абай болу керек», – деді Панамарева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық