Ресейлік бизнес орындары Қазақстаннан жаппай кетіп жатыр
Фото: envato
Соңғы алты жылда Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған ресейлік компаниялардың саны ең төменгі деңгейге дейін азайды, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, ресейлік капитал қатысатын белсенді компаниялардың саны 18,4 мың болды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарасақ, жыл басымен салыстырғанда 495 компанияға азайған.
Олардың 2018 жылдан бері жүргізілген зерттеулерге қарасақ, күрт азайып кеткені байқалады. Бұл төмендеу көрсеткіші төрт тоқсан бойы жалғасып келеді. Тоғыз тоқсан бойы қарқынды өскен көрсеткіш осылай аяқ асты құлдырады.
Қазақстандағы ресейлік компаниялардың саны азая бастады.
Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін Қазақстандағы ресейлік компаниялар көбейген еді. 2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін Қазақстанда әр тоқсан сайын орта есеппен 2300 жаңа ресейлік компания тіркеліп отырған.
Бұл көрсеткіш көбіне ресейлік кәсіпорындар шоғырланған салаларға әсер етті. Сауда саласында белсенді заңды тұлғалар саны 238-ге қысқарып, 7,5 мыңға жетті, ал ақпарат және байланыс секторында — 70 компанияға азайып, 2,5 мың болды.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 28 миллиард доллар болып, соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке жеткені хабарланған болатын. Инвестор елдер арасында Ресей 1,52 миллиард доллармен бесінші орынға ие болды. Негізгі инвестициялар кен өндіру саласына, өнеркәсіпке және саудаға бағытталған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей министрі Сергей Лавров Тоқаевтың сөзіне қарсы шыққан еді.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді