Ресейлік БАҚ Арменияға қарсы «гибридтік соғыс» жүргізуде – Пашинян аппаратының басшысы
Армения премьер-министрінің аппарат басшысы Арайик Арутюнян ресейлік БАҚ-ты армяндарға қарсы жалған ақпараттық соғыс бастады деп айыптады.
Арутюнян НТВ арнасындағы «Своя правда» ток-шоуының кезекті бөлімін көрсеткеннен кейін бұл ресейлік БАҚ жүргізіп жатқан гибридтік соғыс екенін айтты. Онда журналист Георг Хачатурян 20 қыркүйекте үкімет үйіне басып кірген армян шерушілері жаттығуға келген америкалық десантшыларға тап болғанын айтты.
Арутюнян бұл ақпараттық соғысты Ресей жерінде өмір сүріп жатқан армян ұлтының өкілдері жүргізіп жатқанын қынжылыспен айтады.
«Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында Арменияға қарсы басталған гибридтік соғыста оларға әйгілі ертегідегідей, кім көп өтірік айтса, сол Сарайдың/Кремльдің жартысына ие болады деп уәде берген сияқты... Олардың таратып жатқаны мүлдем жалған ақпарат. Сол күні үкімет үйіне бірде-бір демонстрант кірмеді, тіпті бір де бір американдық болған жоқ... Ресей телеарналарының ең үлкен насихатшылары армяндар екені белгілі: Маргарита Симонян, Тигран Кеосаян, Арам Габрельянов, Семён Багдасаров, Роман Бабаян, Сергей Кургинян, Андраник Мигранян және т.б.» деп «Коммерсант» басылымы Арутюнянның сөзін келтіреді.
Әңгіме 19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта «антитеррорлық операция» жариялағаннан кейінгі Арменияда басталған наразылықтар туралы болып отыр. Ақпаратқа сенсек, осы уақыт бойы наразылық білдірушілер Армения үкіметі ғимаратына баса-көктеп кіруге әрекеттенген, содан кейін полиция тіпті сәулелі-дыбысты гранаталарды қолдануға мәжбүр болған.
Наразылық басталғаннан кейінгі бесінші күні 19 адам ұсталды. Арменияның Тергеу комитеті Еревандағы жаппай наразылық акциясының ұсталған 49 қатысушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олардың бесеуі қамауға алынды. Ұсталғандардың төртеуі Армения мен Таулы Қарабахтың кәмелетке толмаған тұрғындары.
Дәл осы күндері Арменияда армян-америкалық әскери жаттығулар өтті. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, оқу-жаттығуларға 85 америкалық және 175 армян әскери қызметкері қатысты. Жаттығу 11-20 қыркүйек аралығында тоғыз күнге созылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық