Ресейлік әуе базаларына шабуыл жасады деген Тимофеев Астанада жүр ме?
Фото: Mash
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтарына шабуыл жасады деген күдікке ілінген украиндық Артём Тимофеев Қазақстанға келді. Ол дрондар ұшырылғаннан төрт күн бұрын Астанаға жол тартқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Артём Тимофеевке Ресей әскери аэродромдарына жасалған ең ауқымды дрон шабуылдарының бірін ұйымдастырды деген айып тағылды. Mash Telegram-арнасының мәліметінше, 37 жастағы Украина тумасы бұл операция басталардан төрт күн бұрын Ресейден кеткен. 28 мамырда ол әйелі Екатеринамен бірге Қазақстан шекарасынан өткен.
Сапар кезінде Екатерина Тимофеева Telegram-арнасында көлік ішінде түскен фотосурет жариялап, «ит, мысықпен бірге Астанаға бара жатырмыз» деп жазған.
Ресейлік басылымдардың мәліметінше, дәл осы Тимофеевке тиесілі жүк көліктерінен 1 маусым күні дрондар ұшырылған. Бұл дрондар Ресей Қорғаныс министрлігі нысандарына шабуыл жасаған. Жүргізушілер тергеушілерге Тимофеевтен тікелей бұйрық келгенін айтқан.
Иркутск облысында Тимофеевке ресми түрде іздеу жарияланды. Ол 1 маусым күні «Белая» аэродромына жасалған шабуылға қатысы бар деп күдікке ілінді. Усть-Кут қаласы әкімдігінің мәліметіне қарасақ, Тимофеев Донецк өңірінің тумасы. Басқа деректерде оның Житомирде туғаны көрсетілген және 2018 жылға дейін Киевте тіркеуде болғаны жайлы ақпарат бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық