Ресейге нан табуға барып қан майданда жүрген қазақ жігіті
Фото: pixabay.com
Ақтөбенің 21 жастағы тұрғыны жан бағамын деп жұмысқа кетіп, Украинаның Луганск аймағындағы Ресей сапында қан майданда жүр, деп хабарлайды Orda.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Жігіттің әкесінің айтуынша Ресей билігі ұлын мәжбүрлі түрде соғысқа жіберіп отыр. Қазақстанның тиісті органдарына бірнеше рет хат жазған, арада қанша уақыт өтсе де биліктен не көмек не мардымды жауап жоқ.
Жігіт 2023 жылдың көктемінде достарымен бірге Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Мәскеу түбіндегі ірі қоймалардың бірінде жүк түсіріп жұмыс істеген жігіттің айлығы шайлығынан артылмапты. Кейде ақша мүлдем жетпей үй-ішінен қаражат сұраған кездері болған екен. 2024 жылдың көктемінде Қазақстанда қалған әкесіне хабарласып, ауылға қайтатынын айтқан. Айтқаны сол еді, баласы біраз уақытқа хабарсыз кетеді. Артынша мәлім болғандай жігіт төлқұжатын жоғалтып алуына байланысты Орынбор облысында депортарцияда отырғанын әкесіне хабарласып айтыпты.
Нақтырақ айтсақ, Қазақстан азаматы 2024 жылғы 23 сәуірде Ресейдің Орынбор облысындағы Сагарчин шекара өткелінде ұсталды. Сол жерден осы облыстағы Беляев ауданы Алабайтал елді мекеніндегі шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына жеткізілген. Артынан іздеп барған әкесі баласымен 5 -ақ минут сөйлесіп үлгерген.
«Небары 5 минутта ұлыммен дұрыстап сөйлесе де алмадым. Ұлым маған «бір аптадан соң жіберетін шығар, маған бірнеше құжатқа қол қойдырды» деп ғана айтып үлгерді» —, дейді әкесі.
Артынша Беляев ауданы орталығындағы сот уәкіліне барған әкесіне «ұлыңызбен келісімшарт жасалды, ол арнайы әскери операцияға қатысу үшін Украинаға жіберіледі» деп айтқан. Бұндай сөзден есеңгіреп қалған әке баласының соғысқа өз еркімен кетпегендігін, оның аңғалдығын пайдаланып немесе қорқытып-үркітіп алып кеткедігін айттты.
Әкесі 6 мамырда Қазақстанның Ресейдің Астрахан қаласындағы бас консулдығынан көмек сұрап бірнеше рет хат та жолдапты. Ашынған әке президент пен үкіметке, сыртқы істер министрлігіне де хат жолдап, ешқайсынан мардымды жауап алмағанын айтып отыр.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ақтөбе облысының 21 жастағы тұрғынын Ресейден елге қайтару туралы өтінішпен жүгінгенін растады.
«Ресейде уақытша болу мерзімін бұзғаны үшін биыл 22 сәуірде Ресей Федерациясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18.8-бабының 1.1-бөлігі бойынша сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта бас консулдық Ақтөбенің 21 жасар тұрғынымен жеке кездесу өткізу бойынша шаралар қабылдауда және де Ресейдің құзыретті органдарымен тиісті консулдық-құқықтық жұмыс жалғасуда. Аталған іс бас консулдықтың және Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бақылауында» деп түсіндірілген сыртқы істер министрлігінің 18 шілдедегі жауабында.
Әкесінің айтуынша, ол уақытта Ресей билігі баласын майданға жөнелтіп жіберген.
Баласы Ресей сапында жүргенде соғыстан арасында қоңырау шалып тұрған екен. Тіпті тамыз айының соңында хабарласқанында аяғына оқ тиіп госпитальге түскенін айтыпты.
«Төлқұжатын жоғалтып алған балам өз аяғымен әскери бөлімге барып соғысқа өз еркімен кетті дегенге сенбеймін. Мен ұлымды жақсы білемін. Ол орысшаны да қарық қылып білмейді. Алдап-сұлдап немесе қорқытып қан майданға алып кетті», –дейді Ақтөбеде шырылдап қалған әке.
BBC мен Медиазонаның біріккен зерттеуі бойынша, өз еркімен соғысқа кеткендер арасында Орталық Азия елдерінен шыққан 265 шетелдік: 51 тәжікстандық, 47 өзбекстандық және 26 қырғыз азаматы бары анықталған екен. Ресей билігі шетелдіктердің миграциялық статусын қысым құралы ретінде пайдаланады. Оларға мемлекет мүддесіне жұмыс істесе, елден шығармауға, соғыстан оралған соң азаматтық алу процесін жеңілдету сынды уәде беріледі. Тіпті орысшаны жақсы білмейтін шетелдіктер берілген құжатты дұрыс оқымағандықтан қол қойып жіберетіні де анықталды.
Жаңалықтар
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады