Ресейге қатысты мәлімдеме жасаған Сүлейменовке Евсеев жауап берді
Фото: profile.ru
ТМД елдері институтының әскери сарапшысы Владимир Евсеев МК басылымына сұхбат берді. Ол өз сөзінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің мәлімдемесіне жауап берді.
Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір шенеуніктер АҚШ-пен дос болу мақсатында Ресейге қарсы шыққан.
«Қазақстандағы кейбір шенеуніктер АҚШ-пен жақсы дос болайық деп Ресейге қарсы шығуда. Сіздер өздеріңізге нақты не керегін анықтап алыңыздар. Тағы Қаңтар қырғыны орын алса, біз сіздерге көмектеспейміз» дейді сарапшы.
Ол қаңтар оқиғасы кезінде елдегі жағдайды Ресей бітімгерлері қалыпқа келтіргеніне сенім білдірді.
«Ресей Қазақстанға бітімгерлерді жіберді, соның арқасында Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалды. Ал қазір кейбір шенеуніктер «Құдай сақтасын, бізге АҚШ қарсы санкциялар енгізбеуі үшін олармен жақсы дос болайық» деп жатыр. Сіздер нақты не қалайтындарыңызды анықтап алыңыздар. Сіздер Қаңтарда жүзеге асырмақшы болған «түрлі-түсті революцияны» қалайсыздар ма? Мүмкін, сіздер тіпті «түрлі-түсті революцияның» жақтаушысы шығарсыздар? Егер «түрлі-түсті революцияның» жақтаушысы болсаңыздар, онда сіздерге қарсы іс қозғауға болады. Өйткені, Қазақстанға төңкеріс жасамақ болған Ресей Федерациясы емес» деп ренішін білдірді Евсеев.
Ол Қазақстанда қасіретті қаңтар қайталанса, Ресей көмекке келмейтінін айтты.
«Қалай болғанда да, Ресей араласуға мәжбүр болады. Бірақ, егер Қазақстанда Ресейге қарсы сөздер насихатталса, министр болып «русофобтар» тағайындалса, егер қаңтардағы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған бұрынғы көпвекторлы бағытты жалғастыруға талпыныстар болса, онда Ресейге оған кезекті рет көмектесу керек пе деген шешім қабылдау қиын болады. Бұл Қазақстанның өз таңдауы» деді сарапшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық