Ресейдің халық әртісі Гоша Куценконың көлігінен әйелдің мәйіті табылды
Фото: газета.ru
Ресейдің халық әртісі Гоша Куценконың көлігінен зорланған, денесінде көптеген пышақ жарақаттары бар әйелдің мәйіті табылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
SHOT деректеріне сүйенсек, Мәскеу тұрғындары Кутузов даңғылындағы бір үйдің ауласында ескі «Запорожец» көлігіндегі әйелдің мәйітін байқаған. Бұл көлік Ресейдің халық әртісі Гоша Куценкоға тиесілі екені анықталды. Көлік ашық тұрды.
Сарапшылардың айтуынша, әйел бірнеше сағат бұрын өлтірілген, оның денесінде көп жарақаттар мен пышақ іздері бар. Күдікті кем дегенде 12 рет пышақ сұққан. Мәйіттің қасында, көліктің ішінен пайдаланылған контрацептивтер табылды. Қаза болған әйелдің жеке басы анықталуда, оның жасы шамамен 30-35 аралығында.



Әйелді өлтірген күдікті ұсталды. SHOT ақпаратына сәйкес, күдікті — Қазан қаласынан келген 30 жастағы жұмыссыз Альберт Абдуллин. Ол бұдан бұрын адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлық, билік өкілін қорлау, өлтірумен қорқыту және денсаулыққа ауыр зиян келтіру баптары бойынша сотталған. Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша қозғалды.
Жаңалықтар
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған