«Ресейдің дегені болмауы керек»: Франция ядролық қару жайлы пікірталас бастамақ
Елисей сарайынан түсірілген видеодан кадр
Франция президенті ұлтқа жолдауында елдің ядролық стратегиясы мен Еуропа қауіпсіздігіне қатысты өткір мәлімдеме жасады. Ол француз ядролық қаруын одақтастарды қорғау мақсатында қолдану мәселесі бойынша «стратегиялық пікірталастардың» басталатынын жариялап, Украинадағы ықтимал уақытша бітімге қарсы шықты. Макронның айтуынша, бейбітшілік Ресейдің шарттарымен орнамауы тиіс, деп хабарлайды Orda.kz Елисей сарайының ресми сайтына сілтеме жасап.
Эммануэль Макрон Францияның ядролық ұстамдылық саясаты Еуропа одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай рөл атқаратынын талқылауға ниетті екенін мәлімдеді. Ұлыбритания ЕО-дан шықаннан кейін Франция – ядролық арсеналға ие одақ құрамындағы жалғыз ел болып қалды.
Өз сөзінде Макрон Украинадағы уақытша бітімге қарсы екенін білдірді. Оның пайымдауынша, мұндай келісім «тым әлсіз» болуы мүмкін.
«Украинадан бас тарту арқылы бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес. Бейбітшілік қандай да бір құнға болсын орнай салатын дүние емес және Ресейдің шарттарына сай құрылмауы тиіс», – деді Франция басшысы.
Ол сондай-ақ Франция Украинада бейбіт келісімдер жасалған жағдайда олардың орындалуын бақылау үшін өз әскерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Макронның айтуынша, Еуропа күштері ұрыс қимылдарына араласпайды, бірақ бейбітшілік орнауын қамтамасыз ете алады. Бұл мәселені талқылау үшін Франция миссияға қатысуға дайын елдердің штаб бастықтарын жинауды жоспарлап отыр.
«Біздің одақтасымыз – Америка – Украинаға бұрынғыдай қолдау көрсете бермейді және болашаққа қатысты сұрақтар туындай бастады. Біздің қауіпсіздігіміз бен әл-ауқатымыз бұрынғыдан да белгісіз күйде. Біз жаңа дәуірге қадам бастық», – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық