Ресейдің бұрынғы премьер-министрі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді
Фото: Евгений Одиноков/РИА Новости
Ресей Федерациясында шетелдік агент ретінде танылған Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьянов террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат Росфинмониторингтің ресми сайтында жарияланды.
«Касьянов Михаил Михайлович, 12.08.1957 жылы туған, Мәскеу облысы» деп ол жайлы қысқаша ақпарат көрсетілген.
Өткен жылдың қараша айында премьер-министр шетелдік агенттердің қызметі туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәскеудің Таган аудандық соты оны кінәлі деп тауып, 45 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындады. 2023 жылдың қарашасында Касьяновты шетелдік агент деп таныды.
«Ол шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын таратты. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олар жүргізетін саясат туралы жалған ақпарат таратты», деп мәлімдеді Әділет министрлігі.
Қазіргі таңда Касьянов Ресей Федерациясынан кетіп, басқа елде тұрып жатыр.
Касьянов 2000-2004 жылдары Ресей үкіметін басқарған.
Айта кетейік, Түркістанда тілсіз жау 12 адамның, оның ішінде тоғыз баланың өмірін жалмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық