Ресейдің Украинадағы тұрғын ауданға зымырандық шабуыл жасағаны хабарланды
Фото: Ашық дереккөзден
Ресейдің Украинадағы тұрғын ауданға зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарланды.
«Соққы басқарылмайтын «Смерч» зымырандарымен берілді. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр» деп хабарлады UNIAN басылымы.
Дәлел ретінде Харьков маңындағы көпқабатты үйді атқылаған бейнеролик ұсынылды.
Бұған дейін Ресей билігі бейбіт халыққа қару қолданылмайтынын мәлімдеген болатын.
Еске салсақ бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция жүргізу, сол арқылы оған соғыс жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Украина әскерилерінің айтуынша, шабуылға Беларусь те қатысып жатыр. Украинаға басып кіру оның ресейлік теледидарда сөйлеген сөзі аяқталмай тұрып басталды. Шабуыл теңізден, құрлықтан және әуеден жүзеге асырылады. Украинада әскери жағдай енгізілді, ал президент Владимир Зеленский украин әскерлеріне ресейлік әскерлерге барынша зиян келтіруді бұйырды.
Қазақстанда Украинадағы соғысқа байланысты әуе жолаушыларына сенім телефоны іске қосылды. Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды. Ресей Украинамен шекаралас қарулы қақтығыстар аймағындағы барлық елдерге әуе кеңістігін жабуды ұсынды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау басталды. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы құрметті консулдарының байланыстарымен таныстырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық