Ресей позициясы, Ауғанстан халқының тағдыры һәм тәліптерден келетін қауіп
Ауғанстандағы жағдай шиеленісті

Жексенбі, 15 тамыз күні «Талибан»* (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өкілдері Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын жариялады. Содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Мемлекет басшысы Ашраф Ғани отставкаға кетті.
Ауғанстандағы халық қашуға мәжбүр болды

Кабул әуежайында жүздеген адам жиналып, ел басқаруға тәліптердің келгеніне қарсы болғандар ұшаққа мініп кетуге таласты. Тіпті, кейбірі орнынан қозғалған ұшаққа жармасып, әуеден құлап мерт болған.
АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандарға оқ жаудырғаннан кейін бірнеше адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың суретін РИА Новости telegram арнасында жариялады. Олардың ақпаратына сәйкес, мыңдаған ауғандықтар жиналған Кабул әуежайының жолаушылар терминалындағы атыс салдарынан кемінде үш адам қайтыс болды.
Ел басшысы халқын тастап қашып кетті

Ауғанстан президентінің әйелі Рула және екі кеңесшісімен бірге Өзбекстанға ұшқаны хабарланған еді. Кейін Ашраф Ғани фейсбуктегі парақшасында жазба жариялап, елден кетуге мәжбү болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Ауғанстан халқының ендігі тағдыры да тәліптердің қолында екенін айтты.
Ашраф Ғани өзінің фейсбуктегі жазбасында соғыстың алдын алу үшін отставкаға кетуге шешім қабылдағанын баса айтты. Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) мені құлату үшін Кабулдың барлық бөлігіне шабуыл жасауға дайын екенін ашық көрсетті. Қанды қырғынның алдын алу үшін мен кетуге шешім қабылдадым, – деп жазды Ғани.
Қазақстан ауған босқындарын қабылдай ма?

Әлеуметтік желілелерде Қазақстанның ауған босқындарына арнап лагерь салатыны туралы ақпарат тарады. Осы тақырып төңірегінде мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді.
Ал «Қазақстан ауған босқындарын елге кіргізе ме?» деген сұраққа президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми жауап берген еді.
– Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады, – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Талибан қозғалысы Ауғанстанның Өзбекстанмен және Тәжікстанмен шекарасын өздерінің бақылауына алған. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы террористердің ықтимал шабуылына дайын болуы керек. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Территория смыслов» жастар форумында мәлімдеген еді.
«Тәліптердің ендігі әрекеті қандай болады, олардың Ауғанстандағы билікті толықтай қолына алуы елімізге қауіп төндіре ме» деген сұрақтарға Orda.kz тілшісі жауап іздеп, білікті саясаткер Дос Көшіммен тілдесті.

Тәліптердің Ауғанстанды толықтай басып алуы біздің елге қандай да бір қауіп төндіре ме?
Меніңше, бұл жағдай біздің елге қауіп төндірмейді.
Ауған босқындарын елге қабылдау туралы ақпарат тарады. Біз босқындарды қабылдаймыз ба, оларды паналатуға заң бойынша мәжбүрміз бе?
– Бұл мемлекетіміздің гуманитарлық бағыты. Кез келген өркениетті елдер босқындарды қабылдайды. Бұл бүкіләлемдік гуманитарлық бағыттағы елдердің имиджі. Әрине, мұндай шешімді кейбір уақытта мемлекеттің өзі қабылдайды. Кей уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) осындай үндеу тастайды. Егер сондай үндеу болса, Қазақстанның босқындарды қабылдауы әбден мүмкін.
Талибан өкілі соғыс аяқталғанын хабарлап, «20 жылдан кейін әділеттікке енді қол жеткіздік» деді. Бұл қаншалықты дұрыс?
– Менің ойымша, дұрыс. Себебі, Ауғанстан елі, ауған халқы 20 жыл бұрын америкалықтардың қол астына өтті. Олар «сендерге жақсы мемлекет құруға көмектесеміз, демократияны үйретеміз» деген мәселемен келді. Бірақ халықтың өз таңдауы, өз тарихы бар ғой. Мүмкін олар дайын болмаған шығар, олардың таңдаған бағытын сыйлау керек.
Грузияның экс-президенті Саакашвили « талибандардың ендігі нысаны, яғни ендігі мақсаты Орта Азия елдері» деді. Қандай қауіп күтуге болады?
– Мен бұл пікірді қолдамаймын. Өйткені талибандардың негізі мақсаты мен міндеті – Ауғанстанда діни бағыттағы мемлекет жасау болды. Олар алдымен өз елдерін дұрыстап алуы керек. Мұсылман елі болып құрылды екен деп, байбалам салып, қорқа берудің қажеті жоқ. Жалпы, Ауғанстанның басқа елдерге қыр көрсетуі байқалмайды.
Ұшып бара жатқан ұшаққа жабысып, елден қашуға тырысқан ауған халқын көрдік. Жаңа билік келгеннен кейін Ауғанстан халқының тағдыры не болмақ?
Халықтың қашып жатқаны да заңды нәрсе. Мысалы, Франция Алжирге тәуелсіздік берген уақытта Францияға, яғни, метрополияға қызмет еткен адамдар 100 мыңдап қашты. Сондықтан өздерін басып алған елге қызмет еткен адамдар қашуға тырысады. Олар тамақ үшін қызмет етуі мүмкін, тіпті Американың демократиясын қолдаған шығар.
Бірақ олар талибандардың келуінен қорқады, қашады. Бұл барлық елде болған мәселе. Қоғамда өзгеріс болған уақытта өз таңдауларын жасаған адамдар кетуге мәжбүр болады. Себебі, олар жазалануы мүмкін. Кеңес үкіметі кезінде Мәскеуге қызмет еткендер, тоталитарлық жүйені жасағандар қашып кетуі керек еді.
Талибандар Ауғанстан халқына тиіспейміз деп уәде берді. Бірақ бүгін шенеуніктерге қарсы амнистия жариялады. Халық біз мұнда қалсақ соғысқа алып кетеді дейді. Демек олар уәдесін орындамайды. Әлем елдеріне Орта Азияға тиіспейтінін айтып, бейбітшілікті сақтаймыз деді. Бұл уәдесінде тұра ма?
– Менің ойымша, өз уәдесінде тұрады. Қазіргі кезде ауғандар өздерінің ішкі жағдайын жақсартып, дұрыстап алуы керек. Олар осы мәселені шешпейінше, олардан қауіп күту – қате пікір. Ауғанстан соңғы 30 жыл бойы өздерін реттей алмай отыр. Әуелі демократия деді, интернационализм деді. Кеңес әскерлері кірді, кейін америкалықтар кіре бастады. Олардың басты мәселесі – өз өмірлерін сақтап қалу.
Талибандардың жақтастарының қатарында Ресей де бар. Егер Талибандар Орта Азия елдері оның ішінде бізге шабуыл жасайтын болса Ресейдің әрекеті қандай болмақ?
– Ресейдің қазіргі көзқарасы, ұстанымы бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамындағы Тәжікстан, Өзбекстанға кірсе жақтасамыз деп отыр. Олардың қазіргі саясаты осындай. Территориялық сақтық деген бар. Олар бұрынғы одақтас елдерге достық қарым-қатынасқа байланысты көмектесеміз деген пікірді ұстанып отыр.
Талибан* - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
Жаңалықтар
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты