Ресей елшісін өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айрылды
Түркияда Ресей елшісі Андрей Карловты өлтірді деп айыпталған бес адам өмір бойына бас бостандықтарынан айрылды. Шешімді Анкарадағы сот 9 наурызда қабылдады, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Дипломат 2016 жылдың желтоқсанында заманауи өнер галереясындағы көрменің ашылуында атылды.
Кісі өлтірушіні билік 22 жастағы полиция қызметкері Мевлют Мерт Алтынташ деп анықтады. Оны оқиға орнында арнайы жасақ атып өлтірді. Барлығы бұл іс бойынша 28 адам айыпталды. Алтауы ақталды, бірнешеуі сырттай сотталды, қалғандары әртүрлі түрме жазаларын алады.
Сот қолдаған тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысты ұйымдастырушылар қазір АҚШ-та тұратын ықпалды уағызшы Фетхулла Гүленнің жақтастары болған. Бұрын билік оны 2016 жылы әскери төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптап, бүкіл ел бойынша оның мыңдаған ізбасарлары қамауға алынған. Гүлен қастандыққа қатысы бар екенін жоққа шығарды.
Дипломаттың жесірі Марина Карлова BBC орыс қызметіне берген сұхбатында күйеуіне төрт ай бұрын қоқан-лоққы көрсетілгенін айтты. Бірақ оған қосымша қорғаныс берілмеген.
Карлова тергеу қылмыстың нақты ұйымдастырушыларын тапты дегенге сенбейтіндігін айтты.
– Мен бұл іс ешқашан шешілмейтініне сенімдімін, деді ол.
Жаңалықтар
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
- «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті
- Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды