Ресейден Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 20%-ға қысқарды
2022 жылы Ресейден Қазақстанға құйылған инвестиция 1,5 миллиард АҚШ доллары болды, бұл Украинамен қақтығысқа дейінгі жағдайдан 20 пайызға аз.
Сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаров Қазақстанға Ресейден келетін инвестиция ағынының азайғанын мәлімдеді.
Ол Украинада соғыс басталғаннан кейін төмендеу шамамен 20 пайыз болғанын атап өтті.
«Егер ресми түрде алатын болсақ, 2022 жылы Ресейден Қазақстанға инвестиция ағыны шамамен 1,5 млрд АҚШ доллар болды. Бірақ бұл құлдырау. 2021 жылы бұл сома 20 пайызға жоғары болған», - деп түсіндірді Айдаров.
Бұл ретте ол ресми инвестицияның қысқаруына қарамастан, Ресейден Қазақстанға келетін компаниялардың, бірінші кезекте батыстық компаниялар санының айтарлықтай артқанын атап өтті.
«Қырықтан астам ел Ресейге қарсы экономикалық санкциялар салды. Әрине, көптеген ресейлік компаниялар ғана емес, Ресейде жұмыс істеп келген көптеген батыс компаниялары қазір мұны жалғастыра алмайды, бірақ сонымен бірге олар Еуразия құрлығында қалғысы келеді. Сондықтан олар бизнестерін көшіруді қарастырып жатқан ең жақын ел бізбіз», - деді Айдаров.
Ол қазіргі таңда Қазақстанға орналасу мәселесіне 400-ге жуық компания қызығушылық танытып отырғанын айтты. Көбінесе АҚШ, Германия, Оңтүстік Кореядан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық