Ресейдегі жағдай туралы шетелдік сарапшылардың пікірі
Cурет: Reuters
Orda.kz тілшісі қазір Ресейде болып жатқан жағдайға қатысты әлемдік сарапшылардың пікірін зерттеп көрді.
Британ барлауы Ресейдегі жағдайды мемлекет үшін соңғы уақыттағы ең үлкен сынақ деп атады.
«Таяу сағаттарда Ресей қауіпсіздік күштерінің адалдығы дағдарыстың дамуы үшін маңызды жағдай болады», - деп жазды министрлік.
Америкалық әскери саясаткер Майкл Кофманның пікірінше, қазір көп нәрсе Пригожиннің жалғыз қалуына немесе оған басқа маңызды адамдардың қосылуына байланысты.
«Мен бұл оның өз басы немесе Вагнер үшін жақсы аяқталатынына күмәнданамын», - деп жазды Кофман Twitter-де.
Бұл арада Ресейдегі Карнеги Еуразия орталығының аға ғылыми қызметкері Татьяна Становая Пригожиннің билеуші элитада одақтастары жоқ деп жазады. Алайда ол олардың Путинді айыптауын күтетіндігін айтты.
«Енді элитаның көпшілігі Путинді жағдайдың шектен шығуына жол бергені үшін және Пригожиннің Кремльдің толеранттылығы шегін ығыстырып жатқаны көпшілікке белгілі бола салысымен дер кезінде және нақты жауап бермегені үшін кінәлайды. Сондықтан бұл эпопея да Путиннің беделіне нұқсан келтіреді», - деді Становая.
Сыртқы саясатты зерттеу институтының Еуразия бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Роб Ли Путин Пригожиннің әрекетін көпшілік алдында сатқындық деп атағаннан кейін онымен ымыраға келу қиын болады деп жазды.
АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфолдың пікірінше, Путин Пригожинге досы Шойгуды орнынан алып, кейін онымен мәмілеге келуге мүмкіндік береді деген ой өте қисынды көрінеді.
«Егер мен Путиннің орнында болсам, Пригожиннен қатты қорқатын едім. Бірақ бұл біртүрлі, өзгермелі уақыт», - деп жазды ол твиттерде.
«Ресейде осы уақытқа дейін болып жатқан жайт қарапайым төңкеріс емес, Пригожин Путинді емес, қарулы күштерді басқаратын ресейлік генералдарды ғана орнынан тайдырмақшы», - деді Майкл Макфол.
Аустралиялық отставкадағы генерал Мик Райан мұндай бүлік соғысқа тән деп санайды.
«Ресей ақыры жеңілмейінше, Пригожиннің әрекеті сияқты тосынсыйлар болып тұрады», - деді Мик Райан.
Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне неміс әскери сарапшысы Густав Грессель де пікір білдірді.
«Ростов – Донецк майданының, Воронеж – Харьков майданының орталық логистикалық орталығы. Бұл демилитаризацияланған аймақтар емес. Мен Мәскеудегі Путиннің билігіне қауіп төніп тұрған жоқ деп ойлаймын (қазіргі уақытта), әскерилердегі көңілсіздік пен наразылық деңгейі жоғары болуы керек», - деді Грессель.
Еске салайық, Вагнер тобының негізін қалаушы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігін жалдамалылардың позицияларына соққы берді деп айыптаған бірнеше аудио хабарлама жариялаған. Ол «біз 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз» деді. Пригожиннің айтуынша, оны тобы «елдің әскери басшылығы көтеріп отырған зұлымдықты тоқтатуды» жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта вагнерліктер Ростовты бақылауға алды. Ресей президенті Евгений Пригожинге опасыздық жасағанын жариялаған ресми үндеу жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық