Ресейде ұсталған қазақстандық: адвокатпен хабарластырмай, сотқа апарды
Фото: ашық дереккөзден
Ресейдің Хакасия аймағында ұсталған Назгүл Кенжетай осыдан алты күн бұрын оны адвокатпен байланыстырмай соттап жібергені туралы айтты. Назгүлдің сөзін адвокаты да растап отыр, олар сот шешіміне шағым түсіруге ниетті.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Стамбұл университетінің магистранты түркілер жайлы фильм түсіруге Ресейге барып, сонда ұсталған. Жанындағы операторы Эмин Карачак та қоса қамауға алынған. Назгүл туралы ақпарат желіде бір күн бұрын пайда болды.
Оларды Ресей билігі журналист бола тұра аккредитациясыз жұмыс істеді деп айыптап, депортациялайтындарын айтқан. Қазір журналист пен оператор Абакандағы уақытша ұстау изоляторында. Сол жерден депортацияланатын болады.
Олардың түсірген материалдары жойылған, заттары тәркіленген.
«Апыр-топыр, не болып жатқанын айтпай, телефондарды әдейі бермей, адвокатқа байланысқа рұқсат бермей, сотқа апарды. Судья Зарубин бізді тыңдамай дәлелсіз сот өткізіп, депортация туралы шешім шығарды» деді Назгүл Кенжетай.
Қазіргі таңда Назгүлдің адвокаты Айаз Тюньдешевтың сотқа қояр сұрағы көп.
«Біздің ойымызша, оларды мүлде заңсыз ұстаған, себебі бірінші кезекте оларға адвокат жібермеген. Телефондарын тартып алған. Оларға қай жерде отырғандықтарын айтпаған. Олар маған сотта отырмыз деп хабарлаған кезде мен тіпті қай сотқа барарымды білмедім» дейді адвокат.
Олар сот шешіміне шағым түсіруге ниетті.
Ал Назгүлдің ағасы ғалым Досай Кенжетай Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен сөйлесіп үлгерген. Оның айтуынша, олар «бәрі жақсы болады» деп сендіріп отыр.
Магистратурада оқитын Назгүлдің дипломдық тақырыбы – құрып бара жатқан аз түркі халықтарының болмысы туралы зерттеу. Ол бұған дейін Якутиядан ақпарат жинап, сол үшін айыппұл төлеуге міндеттелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық