Ресейде сотталған Қазақстан азаматтары соғысқа бара ма?
Фото: Ашық дереккөзден
Ресейде тергеуде жүрген немесе сотталған қазақстандық азаматтар Украинаға соғысқа барады деген ақпарат тараған болатын. Бұл ақпаратты Қазақстан СІМ-нің өкілі Айбек Смадияров жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Бұл қате ақпарат, Қазақстанның Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бірде-бір азаматы әскери әрекетке тартылмаған. Мен сіздерге кепілдік бере аламын», - деді Айбек Смадияров.
Сонымен қатар Смадияров адасып соғысқа барғысы келген қазақтар жайлы да айтты.
«Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар. Бірақ біздің мәліметтеріміз бойынша, олар Telegram арналарында, әлеуметтік желілер арқылы жұмыс тауып, сол үшін барған. Біз олармен бірнеше рет байланысқа шықтық, консул оларға бірнеше рет барды, жеке кездесті және барлық айыптаулардың дұрыстығын қадағалап отырды. Оларға консулдық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Украинадағы соғысына Қазақстаннан барған тағы бір адам туралы мәлімет таралған болатын.
Жаңалықтар
- «Қайрат» «Ордабасыны» жеңді: Ойын соңы жанжалға ұласты
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады