Ресейде Навальный жақтастарының кезекті наразылық шеруі өтуде
31 қаңтар күні Ресейде Алексей Навальныйды босатуды талап еткен кезекті наразылық акциялары өтуде. Оны таңертең бірінші болып Қиыр Шығыстағы Владивосток пен Хабаровск қалалары тұрғындары бастады.
«ОВД-Инфо» басылымы Владивосток қаласында 30-ға жуық адам ұсталғанын хабарлады. Ал Благовещенск қаласында Азаттық радиосы орыс қызметінің журналисі Андрей Афанасьев акция орнына жетпей жатып ұсталған.
Мәскеуде келісілмеген акцияға қатысушыларды тұтқындау жалғасуда, РИА Новости тілшілерінің есептері бойынша олардың саны кем дегенде 66 адамға жетті.
Билік өкілдерінің айтуынша, заңсыз акцияға 300 адам қатысқан. Атап айтқанда, 200 адам «Сухаревская» алаңында және 100 адам «Красные Ворота» метро станциясында. Әзірге белгілісі, «Чистые Пруды» - 12, «Трубная алаңында» - 19, «Сухаревская» ауданында - 35 шеруілші ұсталды.
Навальныйдың жақтастары арасында саясаткердің ұжымында жұмыс істейтіндер, тәуелсіз баспасөз құралдары және кәсіпкерлер де бар. Навальный командасы бұл жолы нарызылық акцияларын 11 сағаттық белдеуде орналасқан 142 қалада өткізуді жоспарлаған. Ең ірісі Мәскеуде.
Ресей астанасындағы наразылық екі жерге белгіленген. Бірі Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) орталық ғимараты алдындағы Лубянка скверінде, екіншісі президент әкімшілігі кеңселері орналасқан Ескі алаңда. Наразылық туралы ести сала Мәскеу полициясы қала орталығының мен онда апаратын метро станцияларының жабылатынын мәлімдеген. Сонымен қатар олар акцияның заңсыз екендігін ескертіп, құқық бұзбауға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық