Ресейде Мәсімовтің туысына іздеу салынды
Коллаж: Orda.kz
Ресейдің Ішкі істер министрлігі Мэдер Кәпеновке іздеу салды. Ол Қазақстанның ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Кәпеновтің кіші інісі, деп хабарлайды Orda.kz.
Іздеуге негіз болған себептер мен айыптаулар туралы нақты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ. Бұл Мәсімовтерге қатысты Ресей жариялаған екінші іздеу.
Бұған дейін, биыл Қазақстан Антикорының бастамасымен Азамат Кәпенов халықаралық іздеуде болған еді.
Мэдер Кәпенов Қырғызстанда дүниеге келген, 2000 жылдардың соңынан бастап Мәскеуде өмір сүріп, білім алған. Ол Қазақстандағы «Трансконтейнер Евразия» және «Евротранс Актив» логистикалық компанияларының иелерінің бірі болған.
Ресейде ол «Рубиус» деп аталатын жылжымайтын мүлікпен айналысатын компанияның иесі болған. 2022 жылдың мамырында Кәпенов қазақстандық төлқұжатын сақтай отырып, Қырғызстан азаматтығын алған.
Жаңалықтар
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?