Ресей жағында соғысқа қатысқан 3 қазақ қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден
Ресейге жалданған жауынгер, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды соғысқа белсенді тартушылардың бірі Вячеслав Третьяков Украинада Ресей жағында соғысып жүрген 3 қостанайлықтың көз жұмғанын хабарлады.
Бұл туралы Арлен Батенов есімді желі қолданушысы жазған.
«Бүгін соғысқа ерікті қатысушы қазақстандықтар арасында алғаш рет бірнеше адам қайтыс болды. Менің Қостанайдан келген 3 жерлесім Харьковта жарылған минаның астында қалып, көз жұмды. Біз қайда бара жатқанымызды білдік. Түбінде жеңіске жетеміз және дұшпанды талқандаймыз! Мен бауырларымды мақтан тұтамын, олар нағыз ерлік көрсетті» делінген оның әлеуметтік желідегі жазбасында.
Оның айтуынша, Третьяков Қостанайда туған. Сонда күзетші, жүк тасымалдаушы, ушудан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Донбаста соғысқа қатысқан, Украина базасында әскери қылмыскер ретінде тіркелген.
Оның достарына жүргізілген талдау нәтижесі Ресейдің империялық саясатын көрсетеді. Әлеуметтік желіде олар пәтерлерінде РФ туын ұстап, Донбас үшін соғысуға үгіттейді, украиндықтарды өлтіруге шақырады. Сөйте тұра Қазақстанда тыныш өмір сүріп, жұмыс істеп жатыр.
«Осындай Ресейді жақтайтын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін топтар өте көп. Олар рашизмді ашық насихаттайды, қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа тартып жатыр, сондай-ақ Қазақстанды Ресейге қосуды белсенді қолдайды» делінген жазбада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық