Ресей Украинамен уақытша бітімге келуді талқылауға дайын
Ресей ақырғы бітімгершілік келісімге қол жеткізілген жағдайда, Украинамен уақытша бітімгершілікті талқылауға дайын, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның екі дереккөзінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей Украинамен уақытша бітімгершілік келісімін талқылауға дайын, бірақ бітімгершілік келісімге келу үшін Мәскеуге соңғы бітімгершілік келісімнің іргелі принциптерін нақты түсіну қажет.
Басылымның дереккөзі Ресей ықтимал бітімгершілік миссиясының тақырыптарын анықтауды, оның ішінде оған қатысатын елдерді келісуді талап етеді.
Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаны келіссөз үстеліне отыруға шақырды, әдеттегідей ол Ресейді жаңа санкциялар мен баж салықтарымен қорқытты.
Еске салайық, биылғы қаңтарда Дональд Трамп отставкадағы генерал-лейтенант Кит Келлогқа Украинадағы соғысты жүз күннен кейін тоқтатуды тапсырғаны хабарланған болатын.
Кеше Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер келесі аптада осы елде өтетінін ресми түрде растады.
Бұған дейін біз АҚШ пен Киев Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату үшін жақын арада келіссөздердің жаңа раундын өткізуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Мұны Трамптың кеңесшісі Вальц пен Зеленский кеңсесінің басшысы Ермак растады.
Ал бір-екі күн бұрын Трамп Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Зеленскийден Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екені туралы хат алғанын айтты.
Жаңалықтар
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады