Ресей Украинаға түнде 477 дрон мен ондаған зымыран жаудырды
Фото: Черкасск облысының ТЖД
Украина әскери күштерінің мәлімдеуінше, олардың көп бөлігін атып түсіруге мүмкіндік болған, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылғы 29 маусым таңында Украина Қарулы күштерінің өкілдері тағы бір жаппай әуе шабуылы туралы хабарлады. Украина Әуе күштері қолбасшылығының мәліметінше, тек дрондардың 477 данасы ұшырылған.
Сонымен қатар:
46 қанатты зымыран,
7 «Ескендір» баллистикалық зымыраны,
4 «Қанжар» аэробаллистикалық зымыраны,
және 3 С-300 зениттік зымыраны (РФ бұл зымырандарды жердегі нысандарға шабуылда қолданады) жіберілген.
Мәлімдемеге сәйкес, дрондар мен қанатты зымырандардың шамамен жартысы атып түсірілген, 225 дрон өз нысанасынан ауытқытылды, сондай-ақ бір баллистикалық зымыран жойылды.
Ресей жасаған шабуылдан жаппай құрбандар туралы ақпарат жоқ, алайда шабуыл ауқымды болған. Львов, Полтава, Черкассы, Николаев және Запорожье облыстары шабуылға ұшыраған. Черкассы облысындағы Смела қаласында көпқабатты үйге зымыран түскен кезде алты адам зардап шекті, оның ішінде бір бала бар.
Сондай-ақ, Украина Қарулы күштері әуе шабуылын тойтару кезінде бір F-16 ұшағының жойылып, оның ұшқышы қаза тапқанын хабарлады.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл түнгі шабуылға Facebook парақшасында реакция білдірді:
«Соғысты тоқтату қажет, зомагерге қысым жасау керек, қорғаныс қажет. Баллистикалық зымырандардан, дрондардан, террордан қорғану керек. Украина әуе қорғанысын күшейтуі тиіс. Жақсы қорғайтын — америкалық жүйелер. Біз оларды сатып алуға дайынбыз» деп жазды ол.
Бұған дейін Зеленскийдің НАТО саммиті аясында Дональд Трамппен кездесуінде АҚШ-тың әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу мәселесін талқылағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық