Ресей Украинадағы биологиялық зертханаларды басып алуы мүмкін - АҚШ
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Украинада биологиялық зерттеу нысандары бар екенін айтты. Қазір Киев пен Вашингтон онда жинақталған материалдар ресейлік күштердің қолына өтіп кетпеу үшін жұмыс істеп жатыр.
РИА Новостидің хабарлауынша, сенаттағы тыңдау кезінде Нуландқа Украинада химиялық не биологиялық қару бар ма деген сұрақ қойылды.
«Украинада биологиялық зерттеулерге арналған қондырғылар бар. Біз ресейлік әскерлердің оларды бақылауға алуға әрекеттенуі мүмкін деп алаңдаймыз. Сондықтан біз украиндықтармен осы зерттеу материалдарының кез келгенінің ресейлік күштердің қолына түсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді Нуланд.
Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін презентация өткізген. Оның қорытындысы бойынша АҚШ американдық әскери биологиялық бағдарламаға қатысқан Украинадағы биологиялық зертханаларды пайдалануға 200 млн доллардан астам қаражат жұмсаған.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кириллов Львовтағы биолабораториялар оба, сібір жарасы және бруцеллез қоздырғыштарымен, Харьков пен Полтавадағы дифтерия, сальмонеллез және дизентерия ауру қоздырғыштарымен жұмыс істеген.
Ресей АҚШ-тың Украинадағы әскери биологиялық әрекеті фактілеріне байланысты Биологиялық және токсиндік қаруға тыйым салу конвенциясына сәйкес консультация механизмін іске қосуды жоққа шығармайды.
Украинадағы АҚШ қаржыландыратын биологиялық зертханалар туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лиццян АҚШ-ты елдегі және шетелдегі биологиялық милитаризациялау әрекеттерін түсіндіруге шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық