Ресей-Украина: Министр Қазақстанның ұстанымын айтты
Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Хабар 24» телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанның Ресей-Украина қақтығысына қатысты ұстанымын айтты.
- Еліміз Ресей-Украина қақтығысын келіссөздер мен дипломатия арқылы тезірек шешуді үнемі жақтап келеді. Қақтығыстың алғашқы күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлесіп, тараптарды қақтығысты шешудің бейбіт жолдарын тауып, келіссөздер процесін бастауға шақырғаны белгілі. Қазақстанда Ресеймен тарихи тұрғыдан тығыз саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс қалыптасқан. Дүниежүзіндегі ең ұзын шекараға ие бола отырып, ресейлік әріптестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасқан деңгейін сақтауға ниеттіміз. Жалпы, құқықтық және саяси жағынан біздің мемлекеттер одақтас және стратегиялық серіктес.
- Сонымен қатар, қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинамен де кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары динамикасын тез арада қалпына келтіруге мүдделіміз. Бұл екі ел арасындағы әскери қақтығыс қазақстандықтардың жүрегіне батты. Сондықтан, Мәскеу мен Киев таяу болашақта келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің жолын табады деп шын жүректен сенеміз, - деді Мұхтар Тілеуберді.
Сондай-ақ, СІМ басшысы Қазақстанның қарулы қақтығысты тоқтату және бітімгершілік жағдайға жан-жақты үлес қосып отырғанын жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық