Ресей Украинаға қарсы әлі ештеңе бастаған жоқ - Путин
Фото: Ian Langsdon / Reuters
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы арнайы операция барысында Ресей әзірге маңызды шара қолданбағанын айтты.
«Бүгін олардың бізді ұрыс даласында жеңгісі келетінін естіп жатырмыз. Не дейін, бағын сынап көрсін. Батыстың бізбен соңғы украиндық қалғанға дейін соғысқысы келетінін талай рет естідік. Бұл украин халқы үшін трагедия, бірақ бәрі соған қарай келе жатыр» деді Путин Мемлекеттік Дума фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде.
Путин «Ресей әлі ештеңе бастамағанын» айтып, Мәскеу бейбіт келіссөздерден бас тартпайтынын мәлімдеді.
«Бірақ бас тартқандар бізбен келіссөздер жүргізу одан әрі қиындай беретінін білуі керек» деді Ресей президенті.
Депутаттармен кездесуінде Владимир Путин Ресейге қарсы санкциялар бастамашыларының әлі де мақсаттарына жете алмағанын дөп басып айтты.
«Ресейге қарсы енгізілген заңсыз шаралар бізге қиындық туғызып жатыр. Бұл факт. Бірақ Ресейге қарсы экономикалық блицкригтің бастамашылары ойлағандай емес» деді Путин.
Киев Путиннің Украинаға қатысты жаңа мәлімдемелеріне пікір білдірді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк түсініктеме берді.
«Ұжымдық Батыстың» жоспары жоқ. Егемен Украинаға арнайы z-армия кіріп, қалаларды атқылап, бейбіт тұрғындарды өлтірді. Қалғанының бәрі қарабайыр насихат. Сондықтан Путин мырзаның «соңғы украинға дейін соғыс» туралы мантрасы – ойластырылған ресейлік геноцидтің тағы бір дәлелі» деп жазды Подоляк.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық