Ресей «террористік мемлекеттер» қатарына қосылды
Фото: Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметі
Литва парламенті Ресейді бірауыздан «террористік мемлекет» деп таныды.
Delfi басылымының хабарлауынша, 10 мамырда Литва Сеймі Украинадағы «әскери операцияға» байланысты Ресейді «терроризмді қолдайтын және жүзеге асыратын мемлекет» деп есептейтін қарар қабылдады. Парламент депутаттары қарарға бірауыздан дауыс берді - 128 дауыс.
Литва парламенті әскери операцияны «украин халқының геноциді» деп атады. Сондай-ақ, ел халықаралық қауымдастықты Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерін тексеріп, бағалайтын арнайы қылмыстық трибунал құруға шақырды. Бұл трибунал халықаралық тұтқынға алу ордерлерін шығаруға құқылы болуы керек. Сонымен бірге, мемлекет басшыларының, үкіметтердің және басқа да шенеуніктердің иммунитетін алып тастау керек, делінген қарарда.
«Қарулы күштері бомбалау үшін азаматтық нысандарды қасақана және жүйелі түрде таңдайтын Ресей Федерациясы терроризмді қолдайтын және жүзеге асыратын мемлекет» делінген құжатта.
Еске салсақ, 24 ақпанда Владимир Путин Украинаны «демилитаризациялау» және «деназияландыру» бойынша әскери операция бастаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық