Ресей соғысты 30 күн тоқтату ұсынысын қабылдамады
Фото: Кремль
Кремль атысты 30 күнге тоқтату ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Кремль атысты 30 күнге тоқтату ұсынысын қабылдамайды. Бұл Украина әскеріне күш жинауға жол береді», - деді Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков.
Еске салайық, АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келген еді. Киев Вашингтон ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсыныспен келісті.
Бұл шешім сегіз сағатқа созылған Жиддадағы кездесу барысында қабылданды. Маңызды жиында Украина тарапы әуе кеңістігі мен теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды талқылауды мақсат еткен еді. Алайда АҚШ делегациясы келісімнің ауқымын кеңейтіп, барлық майдан шебіндегі әскери қақтығысты 30 күнге тоқтату туралы ұсыныс жасады. Киев бұны қабыл алды.
«Келіссөз барысында АҚШ тарапы бізге алғашқы қадам жасауды ұсынды. 30 күн атысты толық тоқтатуға келістік. Бұл әуеде дрондар мен зымырандардың ұшуын ғана тоқтату не Қара теңізге тыныштық орнату емес, майданның барлық шебіндегі ұрыс қимылдарын тоқтату деген сөз. Вашингтон біздің айтқанымызға құлақ асты. Делегациялар арасындағы жемісті мәміле үшін Президент Трампқа алғыс білдіремін», - деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді