Ресей әскері Украинада химиялық қару қолданды
фото: REUTERS
Украинадағы Донецк облысының қоршауға алынған Мариуполь қаласында Ресей қарулы кштері әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қарсы белгісіз улы зат қолданған.
Aзов Telegram-арнасы Мариупольге дрон арқылы улы зат тасталғаны туралы хабарлайды.
Арнаның ақпараты бойынша, зардап шеккендердің тыныс алу жеткіліксіздігі және вестибуло-атактикалық синдромы (қантамырлар жүйесіндегі ақау тудырады) белгілері болған.
«Шамамен бір сағат бұрын Ресей әскерлері Мариуполь қаласында украиналық әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қарсы жаудың ұшқышсыз ұшу аппаратынан түсірілген белгісіз улы затты пайдаланды» делінген хабарламада.
InformNapalm хабарлауынша, «Зарина» атты химиялық қару пайдаланылған болуы мүмкін.

Химиялық қаруды өндіруге және қолдануға БҰҰ шеңберіндегі халықаралық шарт – Химиялық қару туралы конвенция тыйым салған. Келісімге Ресей Федерациясы да қол қойды.
Бүгін «ДХР» содырлары жетекшілерінің бірі Эдуард Басурин Мариупольдегі Азовсталь жер асты бекіністеріне шабуыл жасаудың еш мәні жоқ екенін айтып, «барлық шығатын жерлер мен кіреберістерді табуды» ұсынды. Содан кейін «химиялық қару» қолдану мүмкін екенін айтты.
Еске салайық, Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинаға басып кірді. Ресей алдымен әскери нысандарды бомбалады. Содан кейін бейбіт тұрғындар, атап айтқанда, Мариупольге шабуыл жасады. Ресей әскері қаланы қоршап тастады.
Сәуірдің 4-і күні Мариуполь мэрі Вадим Бойченко жау қала инфрақұрылымының 90 пайызын жойып үлгергенін хабарлады. Шенеунік қаланың гуманитарлық апат шегінен асып кеткенін айтты – Мариуполь бір айдан астам уақыт бойы жарықсыз, сусыз, тамақсыз және дәрі-дәрмексіз отыр.
11 сәуірде президент Владимир Зеленский Мариупольде ондаған мың адамның қаза тапқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық