Ресей әскері Еуропадағы ең үлкен АЭС-ті шабуылдап жатыр
Фото: видеодан кадр
Украинада орналасқан Энергодар қаласындағы Еуропадағы ең үлкен Запорожье атом электр стансасына шабуыл кезінде ресейлік әскерилер бірінші энергоблокқа снаряд атты.
Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей әскерлері қазір Запорожье атом электр стансасын атқылап жатқанын айтты. Бұл Еуропадағы ең үлкен атом электр стансасы. Өрт әлдеқашан тұтанып үлгерді. Оның айтуынша, егер ол жарылып кетсе, оның салдары Чернобыль атом электр стансасы апатынан он есе жойқын болады.
Бұл туралы Киев уақытымен 4 наурыз күні сағат 2.14-те Telegram желісінде Запорожье АЭС баспасөз қызметінің өкілі Андрей Туз хабарлады.
«Запорожье атом электр стансасындағы өрт жалғасуда. Өрт сөндірушілердің өрт орнына жетіп, зардаптарын жоюы мүмкін емес. Олар оқ атуда! Бірінші энергоблокта соққы жасады» деді ол видеохабарламада.
Энергоатом қазіргі уақытта стансадан жел Украинаның оңтүстік-шығыс бөлігіне және Ресейдің ірі қалалары – Дондағы Ростов пен Краснодар бағытында соғып жатқанын хабарлады.
«Сегодня» хабарлауынша, Ресей әскері снаряд атқан бірінші энергоблок жоспарлы жөндеуден өткен. Бірақ ол жақтан ядролық отынды шағырып үлгермеген.
«Рада» телеарнасының эфирінде Tуз 3 наурыз күні кешке 100-ге жуық ресейлік техниканың атом электр стансасының өнеркәсіптік алаңына бет алып, Запорожьеге кіргенін хабарлады.
«Дәл қазір әскери техника тікелей атом электр стансасын атқылап жатыр. Снарядтар тиіп жатыр. Дұшпандық техника қозғалып, тікелей АЭС-ке оқ атуда. Өндірісте түтін көрінді» деді Туз.
Ол АЭС-те пайдаланылған ядролық отынды сақтайтын қойма бар екенін айтты.
«Оған жаудың оқ жаудырмағаны жақсы. Бұл өте қауіпті» деді Туз.
26 ақпанда-ақ Украина ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко ресейлік әскерилер қалаға жақындап, Энергодар мен Запорожье атом электр стансасына бағытталған «Град» зымырандарын орналастырғанын хабарлады.
«Энергоатом» NNEGC басшысы Петр Котин 2 наурызда қалаға кіре берістегі бақылау-өткізу бекетіне 22 мыңға жуық адам келіп, ресейлік әскерилердің жолын жауып тастағанын айтты. 3 наурызда орыс басқыншылары Энергодарға тағы да жақындап, оны оқ жаудырып, қалаға ене алды. Сағат 22:30 шамасында Энергодар әкімі жау техникаларының колоннасы АЭС жаққа қарай жылжып келе жатқанын, қалада қатты оқ дыбыстары естілгенін хабарлады. 4 наурыз күні сағат 1:40 шамасында қала билігі басқыншылар стансаны атқылап жатқанын және сол жерде өрт шыққанын хабарлады.
Энергоатом әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, Запорожье атом электр стансасының энергоблоктарын ауыр қарумен атқылау «Еуропадағы ең ірі ядролық нысанның ядролық және радиациялық қауіпсіздігін өрескел бұзу болып табылады. Бұл бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін» деп ескертті.
Запорожье АЭС-і Запорожье облысының Энергодар қаласында, Каховка су қоймасының жағасында орналасқан. Стансаның құрылысы 1981 жылы басталған. 1984-1987 жылдары төрт энергоблок, 1989 жылы бесінші, 1995 жылы алтыншы энергоблок іске қосылды. Жыл сайын станса Украинадағы жалпы жылдық электр қуатының бестен бір бөлігін өндіреді.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды
- Қазақстандықтар автонесие алуды азайтты: Сұраныс бір жылда 11%-ға төмендеді