Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұрғалы жатыр
Фото: Моя планета
Ресейлік академиктер РФ Білім және ғылым министріне Сібір өзендерінің бір бөлігін Қазақстан мен Өзбекстанға бұру мәселесіне қатысты ғылыми жобаларды қаржыландыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сібір өзендерін Орталық Азияға бағыттау идеясы бұрын да айтылған. Оны 1970-жылдары-ақ кеңестік кезеңде жүзеге асыруға талпыныс болған. Алайда қазір бұрынғыдай ашық арналарды қазғаннан гөрі Қазақстан аумағы арқылы Обь өзенінен Өзбекстанға дейін магистральды су құбырын тарту жоспарланып отыр.
РБК мәліметінше, Ресей Ғылым академиясы кеңестік жобаның заманауи нұсқасын әзірлеуге кірісу туралы шешім қабылдаған.
«Ресей Ғылым академиясы Су проблемалары институтының ғылыми директоры Виктор Данилов Данильян РҒА Жер туралы ғылымдар бөлімі Обь өзенінің ағысын Өзбекстан бағытына бұруға қатысты жобаның ғылыми бөлігімен айналысатынын мәлімдеген. Ғалымдар министрлікке бұл бағыттағы зерттеулерді мемлекеттік жоспарға енгізіп, қаржыландыруды ұсынған» деп жазды Forbes.
Данилов Данильянның айтуынша, бұл шешім оның төрағалығымен өткен «Құрлықтың су ресурстары» ғылыми кеңесінің соңғы отырысында қабылданған.
Ресейге бұл не үшін қажет? Орталық Азияда су тапшылығы салмақты проблема болып тұр. Қазақстан мен Өзбекстан — суға ең мұқтаж 30 елдің қатарында. Бірақ Ресей үшін мұндай стратегиялық ресурсты басқа мемлекеттерге берудің қандай пайдасы бар?
Ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, су тегін берілмейді. Дәл мұнай мен газ секілді сатады. Бұл — федерацияға жаңа табыс көзі. Сарапшылар болашақта су мұнайдан да қымбат болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл әуелі кейбір араб мемлекеттері үшін басты мәселеге айналуы мүмкін.
Айта кетейік, Мәскеудің ең қымбат аудандарының бірінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев айына 3,1 млн рубльге резиденцияны жалға алғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық