Ресей шекарасында Қырғызстан жүк көліктері қатаң бақылауға алынған
Қырғызстандық тасымалдаушылар Ресей шекараларындағы жүк тиелген көліктерін өткізбей жатқандығына шағымданды.
Қырғыз жүк тасымалдаушылары Ресей шекарасындағы түсінбеушілік жағдайға шағымданып, бейнежазба жариялады. Бақылау бекеттерінде жүргізушілерге түсіндірместен барлық жүкті көліктерінен толығымен түсіруге мәжбүр еткен.
Жүк тасымалдаушылар Vesti.kg сайты редакциясына шекарадағы жағдай туралы видео жіберді. Жүргізушілер өздерінің шекарада бірнеше күн тұрып қалғанын, ал Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген жүк көліктер емін-еркін өтіп жатқанын алға тартады.
— Жүргізушілеріміз шекарада бірнеше күн тұрып қалды. Ресейлік шекарашылар біздің көліктерді өткізбейді. Жүргізушілер арасында бұл Ресей тарапының Қырғызстаннан тыйым салынған жүктерді тасымалдаудан қауіптенуінен деген қауесет бар. Неліктен біздің билік Ресейдің мұндай әрекеттеріне ешқандай реакция жасамайды? Тәжікстан мен Өзбекстанның көліктері емін-еркін өтіп жатыр, – деп ашуланды видео авторы.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қырғызстанның Экономика министрлігі жүк тасымалдауда еш қиындық болмағанын хабарлаған.
Сонымен қатар, қырғыз-қазақ шекарасында да осындай жағдай орын алуда. Онда да жүк көлігі жүргізушілері бірнеше күн кезекке тұрып, жүктерін толығымен түсіруге мәжбүр болғанын айтып шағымданды.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шекарада бақылау күшейтіліп, салықтық тексерулер жүргізіліп жатқанын, соның нәтижесінде Қытайдан әкелінген контрабандалық тауарларға (ілеспе құжатсыз) тексеріс жүріп жатқанын түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық