Ресей министрі Сергей Лавров Тоқаевтың сөзіне қарсы шықты
Фото: Игорь Улитин, Orda.kz
Жуырда Алматыға ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін келген РФ cыртқы істер министрі Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын сынға алды. Лавров Қазақстан президентінің 2022 жылдың жазында айтқан мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қатысты пікірлерімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
РФ СІМ басшысы Тоқаевпен келіспейтінін «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында айтты. Журналист Андрей Колесников министрден:
«Сізге ұлттардың өзін-өзі анықтау (тәуелсіз деу болмаса шекараға қатысты мәселеде) құқығы мен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау бір-біріне қайшы келмей ме?» – деп сұрады.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзін мысалға келтірді:
«Егер халықтардың өзін-өзі анықтау құқығын ғана басшылыққа алатын болсақ, әлемде бірден 650-ге жуық өңірлік қақтығыс тұтанып кетуі мүмкін».
Бұл дәлме-дәл дәйексөз емес, шын мәнінде Қасым-Жомарт Тоқаев былай деген:
«Есептеулерге қарасақ, егер ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы толық жүзеге асатын болса, қазіргі таңда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің орнына жер бетінде 500 немесе 600-ден астам мемлекет пайда болар еді. Әрине, бұл – хаосқа әкеледі», — деген еді президентіміз.
Сергей Лавров Қазақстан президентінің ұстанымымен келіспейтінін мәлімдеді.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі есімде. Мен онымен келіспеймін. Кейін біз өз ұстанымымызды қазақ достарымызға түсіндірдік. Оның пікірінше, тек аумақтық тұтастық құқығы ғана бар. Бірақ мен тағы да қайталаймын: егер сіздер БҰҰ қатарында болсаңыздар, онда Жарғыны толық құрметтеу қажет. Мен деколонизацияның мысалын келтірген едім. Ол жерде мемлекетаралық қарым-қатынастардың принциптері туралы Декларацияда нақты жазылған. Жалпы алғанда, дәл солай болды, яғни аумақтық тұтастық тек өз территориясында тұратын бүкіл халықтың мүддесін көрсете алатын үкіметі бар мемлекеттерге ғана қатысты құрметтеледі», – деді РФ Сыртқы істер министрі.
Сергей Лавровтың пікірінше, аумақтық тұтастықтың құрметтелу құқығына тек өз аумағында тұратын барлық халықтардың мүддесін көрсете алатын үкіметі бар мемлекеттер ғана ие. Бұл қағида кемінде 124 ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақстанға қатысты ма, әлде шамамен 160 этностық топ тұратын Ресейдің өзіне ме, әлде Украинаға қатысты ма, бұл жөнінде Ресей министрі нақ айтпады.
Жуырда Алматыға жасаған сапарында Сергей Лавров ешқандай даулы мәлімдеме жасаған жоқ. Керісінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге алдағы сапары мен Ресейдің Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігін ҚР сыртқы істер министрі Марат Нұртілеумен талқылаған еді.
Жаңалықтар
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті