Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімнің соңғы жоспары жарияланды
Фото: DALL-E нейрондық желісі арқылы жасалған
Reuters агенттігіне Стив Уиткофф 17 сәуір күні Парижде Украина мен Еуропаға ұсынған бітімгерлік келісімінің толық мәтінін берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шарттар Америка Құрама Штаттарының екі тарапқа беретін соңғы ұсынысын көрсетеді.
Атысты тоқтату:
- Тұрақты түрде атысуды тоқтату;
- Екі тарап бірден келіссөздерді іске асыруға кіріседі;
- Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері бар;
- Украина толыққанды сене алатын қауіпсіздік кепілдігін алады;
- Кепіл берушілер еуропалық мемлекеттер, сонымен қатар Еуропадан тыс жерде мұны қалайтын елдер болады;
- Украина НАТО-ға кіруге тырыспайды;
- Украина ЕО-ға кіруге ұмтылуы мүмкін.
Территориялар:
- АҚШ де-юре Қырымды ресейдікі деп таниды;
- АҚШ де-факто Ресейдің Луганск аймағына үстінен қарауын құптап, мойындайды;
- АҚШ Ресейдің Запорожье, Донецк және Херсон облыстарының бір бөлігіне үстемдігін де-факто мойындайды.
- Украина Харьков облысын қайтарады;
- Украина Запорожье АЭС-ін қайтарып, оған үстемдік етуду АҚШ-қа береді. Ал АҚШ электр энергиясы екі жаққа да бөлінеді;
- Украина Каховка су электр станциясына үстемдік жүргізу құқын қайтарып алады;
- Украина Днепр бойымен кедергісіз өтеді; (Демаркациялық сызық Херсон және Запорожье облыстарында өтетін жерде – ред.)
- Украина Кинберн Спитке үстем болу құқығын қайтарып алады.
Экономика:
- АҚШ пен Украина ресурстық келісімде қарастырылған экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырып жатыр;
- Украина толығымен қайта құрылады, Украина толық қаржылық өтемақы алады;
- 2014 жылы Ресейге салынған санкциялар толығымен жойылады;
- АҚШ пен Ресей энергетика және басқа да өндіріс салаларында ынтымақтасады.
Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері:
- Украина сенімді қауіпсіздік кепілдігін алады, соның ішінде АҚШ-тан (5-бапқа ұқсас келісім), ал одақтастар арасында Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы консенсус жоқ;
- Украина қорғаныс күштері үшін ешқандай шектеулер жоқ;
- Кепіл ретінде мемлекеттер Еуропа елдері мен мүдделі еуропалық емес елдердің арнайы тобы болады. Украина аумағында достық шетел әскерлерінің болуына, қарулануына және іс-қимылдарына ешқандай шектеулер жоқ;
- Украина Еуроодаққа кіруге ұмтылып жатыр.
Еске сала кетсек, Украинаның бұрынғы президенті Порошенконың әйелі мүлікті бөлу туралы сотқа шағым түсірген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық