Ресей мен Қазақстан достығы екі елдің болашағына негізделген – Тоқаев
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетінде жарияланған мақаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі елдің болашағына деген жауапкершілікпен негізделген берік достық енендігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар тұрақты және екі елдің болашағына бағытталған. Сонымен қатар, мақалада Тоқаев соңғы жыл ішінде Владимир Путинмен төрт рет келіссөздер жүргізіп, бірнеше халықаралық шараларда кездескенін және жиі телефон арқылы байланысқанын атап өтті.
Сондай-ақ, мақалада Тоқаев екі елдің достығы арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып өтті. Қазіргі таңда елімізде Ресейдің 23 мың компаниясы жұмыс істейді, оның 4 мыңы осы жыл ішінде құрылды. 2022 жылы ресейлік компаниялар Қазақстанға $3 миллиард көлемінде инвестиция салып, жалпы құны $18 миллиардқа жуық 90 жоба жүзеге асырылды. Ал 49 жоба әлі де іске асырылуда. Бұлардың ішінде Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту және 3 ЖЭО-ның құрылысы да бар. Тоқаев Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатқанын және 3500 мектепте білім беру орыс тілінде жүргізілетінін атап өтті.
Президент мақаланы қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан мен Ресейдің одақтас болып қалатындығымен қортындылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық