Ресей мен Қазақстан Қытайға мұнай транзитін арттыруы мүмкін
Ресей мен Қазақстан республика аумағы арқылы Қытайға мұнай транзитін арттырмақшы.
Осы мақсатта жұмыс тобын құру келісілді, деп хабарлады журналистерге РФ премьер-министрінің орынбасары Александр Новак.
Ол Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы мұнай транзитіне қатысты бұрынғы келісімшарттың ұзартылғанын еске салды.
Ақпан айының басында «Роснефть» мен CNPC Қытайдың солтүстік-батысындағы мұнай өңдеу зауыттары үшін 10 жыл мерзімге (2033 жылдың 31 желтоқсанына дейін) 100 миллион тонна мұнай жеткізу туралы келісімге қол қойды. Шикізат Қазақстан арқылы жеткізіледі. 2014 жылдан бері күшіне енген транзиттік келісімшарт 2022 жылы аяқталады.
Қытай бағытында Қазақстан арқылы өтетін қазіргі мұнай құбырының өткізу қабілеті 10 млн. тонна. Бірнеше жыл бұрын оны 13-17 миллион тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі талқыланған болатын. Бұл Туймазы-Омбы-Новосибирск (ТОН-2) құбырын кеңейтуді қажет етеді.
Өткен аптаның соңында Новак Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен отын-энергетика саласындағы, оның ішінде электр энергетикасы саласындағы және мұнай өндіру мен табиғи газ тасымалдау бойынша мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі жобалары мен одан әрі дамуын талқылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық