Ресей мен АҚШ арасындағы диалог үміт ұялатады – Тасмағамбетов
Фото: ҰҚШҰ
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей мен АҚШ арасындағы саяси-дипломатиялық диалогқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тасмағамбетовтың айтуынша, Ресей мен АҚШ арасындағы диалогқа оптимизммен қарауға болады.
«Ресей мен АҚШ арасында саяси-дипломатиялық диалог жүріп жатыр. Бұл сақтықпен қараған күннің өзінде, оптимизм тудыратын жағдай. Әлемдегі әскери-саяси жағдайды тұрақтандыру тұрғысынан ресейлік және америкалық өкілдердің байланыс орнатуының өзі – маңызды факт. Ресей мен АҚШ арасындағы диалогтың мультипликативтік әсері жаһандық үдерістерге тікелей ықпал ететіні күмәнсіз. Бұл Еуразияның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағында шиеленісті азайтуға септігін тигізеді», – деді Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, Тасмағамбетов Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың күрт шиеленісуі алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Бұл жағдай қазірдің өзінде қарулы қақтығыстарға алып келгенін айтты.
Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, соңғы кездері жағдай біршама тынышталғанымен, қақтығыстың қайтадан өршіп кетуі қауіпті болып отыр. Халықаралық қауымдастық бар күш-жігерін жағдайды ушықтырмай, бейбіт шешім табуға бағыттауы тиіс екені айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық