Ресей қылмыстық іс қозғады: Украина қазақстандық мұнай тасымалдау нысанына шабуылдағанын ресми мойындады
фото: envato
Украина ресми түрде Ресейдегі қазақстандық мұнай тасымалдау нысанына жасалған шабуылды растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Украина қарулы күштерінің Бас штабы Ресейдегі қазақстандық мұнайды тасымалдауға арналған нысанға жасалған шабуылды растады.
«Кеше Украина қорғаныс күштері Ресей Федерациясының әскери және отын-энергетикалық инфрақұрылымының стратегиялық нысандарына дәл соққы берді. Бұл табысты операция нәтижесінде Краснодар облысындағы Ильский мұнай өңдеу зауыты зақымдалды. Нысанда ауқымды өрт тіркелді. Сонымен қатар, шабуылға «Кропоткинский» және «Андриаполь» мұнай айдау станциялары да ұшырады, олар басқыншыларға отын тасымалдауда маңызды рөл атқарған. Соққыдан кейін олар істен шықты, бұл агрессорға отын жеткізу логистикасын айтарлықтай қиындатты», деп мәлімдеді штаб.
Украина әскери күштері «Ресейдің қарулы агрессиясын қолдайтын стратегиялық нысандарға шабуыл жасау құқығын сақтайтынын» айтты.
«Ресейдің заңсыз соғысын қамтамасыз ететін энергетикалық инфрақұрылымды бұзу операциялары жалғасатын болады», деп қосты Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы.
2025 жылдың 17 ақпанында Ресей Федерациясының тергеу комитеті Бас тергеу басқармасы Ресей Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлімі, «а» және «в» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулы қабылдады.
Іс Украина Қорғаныс министрлігінің ГУР әскери қызметкерлеріне, ВСУ мен басқа да әскери құрылымдарға қарсы қозғалды. Олар Украинада өздерінің бақылауындағы аумақта қылмыстық бұйрықтарды орындап, азаматтық инфрақұрылым нысандарына қарсы дрондармен шабуыл жасаған.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты