Ресей кинотеатрларында қазақ, үнді, қытай фильмдерін көрсету ұсынылды
Ресейде депутат Елена Драпеко Ресей прокатындағы батыс фильмдерін қытай, үнді, қазақ және өзбек фильмдеріне ауыстыруды ұсынды.
Американдық Warner Bros Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік кинотеатрларда «Бэтмен» фильмінің шығуын тоқтатты. Супер қаһармандық экшн фильмінің премьерасы 3 наурызда өтуі керек еді. Сондай-ақ, Sony, Walt Disney және Paramount компаниялары ресейлік кинотеатрларға фильмдерді жеткізуді тоқтату туралы шешімді қабылдады.
– Мен Қытайда болдым, тамаша тарихи, костюмдік фильмдерді көрдім. Бұл фильмдер біздің көрермендерге қолжетімді болады. Мұндай фильмдерді сатып алу туралы келісуіміз керек, - деді Драпеко.
Ол қазіргі отандық кинонарық сұранысын ресейлік прокатта көп көрсетілмеген елдердің фильмдерімен жабуға болатынын атап өтті.
– Бұл, ең алдымен, отандық кинематографияға берілген мүмкіндік деп есептеймін. Бізде жақсы фильмдер бар. Ал, осы уақытқа дейін аз көрсетіліп келген елдердің фильмдерін қараңызшы. Үндістанның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның фильмдері бар. Әрине, көршілеріміз – ТМД елдерінің киносы да баршылық. Қазақстанның, Өзбекстанның өте қызықты фильмдері бар, олар көрсетуге әбден лайық, - деді Драпеко.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық