Ресей Киевті ЛХР аумағында есірткі анальгетиктерін сынады деп айыптады
Мамандардың айтуынша, бұл өте заманауи әзірлемелер, себебі әлемде есірткілік анальгетиктердің мұрынға жақпа түрі жоқ.
Киев Луганск Халық Республикасында (Қазақстан Республикасында мойындалмаған) табылған зертханаларда НАТО әскерилері үшін Батыста әзірленген есірткілік мұрынға жақпа түріндегі анальгетиктерін сынақтан өткізді, деп хабарлады РИА Новости ақпарат көзі.
Тамыз айында Ресей Қарулы Күштерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің бастығы генерал-лейтенант Игорь Кириллов ресейлік мамандар ЛХР-дағы Рубижное қаласындағы Фармбиотрест медициналық орталығында тіркелмеген дәрі-дәрмектердің ықтимал жанама әсерлері қауіптілігі бар клиникалық сынақтар жүргізгені туралы дәлелдер тапқанын айтты. Оның айтуынша бұндай сынақтар, яғни Украинада жергілікті тұрғындарға тіркелмеген дәрілерге клиникалық сынақтар бірнеше жыл бойы жүргізілген.
«Луганск облысында батыстық фармацевтикалық компаниялар үшін НАТО елдері мен Киевтің қорғаныс кешенінің қажеттіліктеріне арналған құрамында есірткі бар соңғы мұрынға жағатын анестетиктерін соқыр сынақтан өткізу схемасы анықталды» деді дереккөз.
Ол сыналған препараттар кейіннен Киев әскерилерінің қажеттіліктері үшін пайдаланылғанын түсіндірді. Рубижнеде арнайы зертхананың ашылғаны туралы ЛХР бас дәрігері Дмитрий Докашенко да айтты.
Ауырсынуды басатын дәрілер Батыс елдерінде шығарылды және олар Донбасқа тек адам сынақтары үшін әкелінді. Докашенко Украинада зерттеу жүргізу шығындарды қысқартқанын, ал сәтсіз жағдайда сынақтар туралы барлық ақпаратты мұнда жасыру оңай болғанын айтады.
«Әлемде есірткілік анальгетиктердің мұрындық түрі сияқты дәрілер жоқ. Бұл өте заманауи әзірлемелер және мұндай препараттарды жасау үшін жеткілікті күшті фармацевтикалық база қажет. Украинада, кем дегенде, 2014 жылға дейін болған ақпарат бойынша. Әрине, мұндай база болған жоқ» деп түсіндірді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық