Ресей Херсонға басып кіріп, Мариупольде әйелдер мен балаларды кепілге алды
Фото: Pikabu
Ресей әскері Украинаның Херсон порттық қаласына басып кірді, деп хабарлады қала мэрі Игорь Колыхаев.
BBC хабарлауынша, Донецк аумағындағы Мариуопаль қаласынының жағдайы мүшкіл.
Херсон - Ресей әскері басып алған алғашқы қала. Онда 280 мың адам тұрады. Қала мэрінің айтуынша, Ресей қалалық атқару комитетінің ғимаратын басып алған. Өз бетінше қала тұрғындарына сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін комендаттық сағат енгізген.
Оның айтуынша, Ресей ортақ келіссөзге келуге тырыспаған. Бірден қаланың қалай өмір сүретінін тілге тиек еткен.
«Біз командамызбен бейбіт адамдармыз. Біздің қолымызда қару, ниетімізде агрессия жоқ. Біз қаланы жабдықтандыру үшін жұмыс істеп жатқанымызды және шабуыл салдарын жоюға тырысып жатқанымызды көрсеттік. Қаза болғандарды жинау мен жерлеу, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізу, қоқысты шығару және апаттарды ретке келтіру мәселелері бойынша үлкен қиындықтарға тап болудамыз» дейді Колыхаев.
Сондай-ақ, мэр қала әлі украин билігінде екенін алға тартты. Алайда Ресеймен төмендегідей келісім жасалған:
- Қалаға тек күндізгі уақытта шығуға болады.
- Сағат 20.00-ден 06.00-ге дейін коменданттық сағатты қатаң ұстану керек.
- Қалаға тек азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге заттары бар көліктер шыға алады.
- Нан зауыттары, дүкендер мен дәріханалар қызметкерлері жұмыстарына жету үшін біз коммуналдық транспорт жұмыс істейді.
- Жаяу жүргіншілер бір-бірден, әрі кеткенде екіден жүре алады. Әскерилерді арандатпайды. Бірінші талаптан тоқтайды, қарсы шықпайды.
- Шарт бойынша қалада жүруге рұқсат берілген автокөліктер минималды жылдамдықты сақтайды, кез-келген уақытта көліктегі заттарды көрсетуге міндеттеледі.
Мариупольдегі жағдай
Ал Мариуполь қаласының басшысы Сергей Орлов 15 сағаттық бомбалаудан кейін қала зілзаланың алдында тұрғанын айтты.
Оның айтуынша, Ресей барлық қаруын осы қалаға қарсы қолданған.
«Мұндағы құрбандардың санын айта алмаймыз. Бірақ кемі жүздеген адам қаза болды деп ойлаймыз. Біз барып, олардың мәйітін жинай алмаймыз. Менің әкем сонда тұрады. Ол тірі ме, жоқ па, білмеймін» деді қала басшысы.
Сондай-ақ, Орлов қаланың жағдайы қиын екенін атап өтті
60 адам кепілге алынды
«Гастело көшесі, 17 үй мекен-жайы бойынша орналасқан №34 мектептің жертөлесінде еркінен тыс 60-тан аса тұрғын ұсталып отыр. Олардың жартысынан астамы әйелдер мен балалар. Мектепке гуманитарлық дәліз арқылы қаладан қашуға тырысқан барлық азаматтар күштеп жеткізілуде» делінген милиция хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық