Ресей газы 2040 жылға дейін Қазақстан арқылы өтеді
Фото: Gazprom.ru
Санкт-Петербург халықаралық форумында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға өтетін ресейлік газдың транзиті туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Газпром» ПАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер мен «QazaqGaz» АҚ басшысы Санжар Жаркешов қол қойған келісім шартына сәйкес, Ресей газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2025-2040 жылдар аралығында тасымалдайды.
Газ транзиті үшін бағыт Орталық Азия – Орталық газ құбыры жүйесі негізінде кеңейтілетін болады.
«Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайту үшін «Орталық Азия – Орталық – IV» газ құбыры нысандарын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды» делінген хабарламада.
2024 жылғы 5 маусымда өткен көрмеде Владимир Путин Ресей газды Өзбекстанға ғана сатуды жоспарлап отырғанын айтты. Қазақстанның солтүстік облыстары да ресейлік газбен қамтамасыз етуді қажет етеді, бұл жаңа бағыттарды игеру болмақ.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді